top of page
Достар!
 «Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,
табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»
Н.Ә. Назарбаев

 

Биыл Қарағанды облысының құрылғанына 80 жыл толып отыр.

    Қарағанды облысы Сарыарқаның кең даласында қанатын жая орналасқан. Қарағанды облысы тарихта, ең алдымен оның аумағында көне Жібек жолының солтүстік тармағы өткендігімен танымал. Бұл тарихи аймақ Қазақстан мен өзге де елдердің арасындағы экономикалық және мәдени алмасу каналы, сауда артериясы болған.

    Қарағанды облысы тарихында оның даму сатысы баршаны таң қалдырады. Тәуелсіздік таңындағы күннен күнге құлпыра түскен бүгінгі облысымыздың керемет келбетіне қарап, еліміздің бүгінгі жас жеткіншектер облыстың ескі келбетін, оның дамуының күрделі кезеңін көз алдарына елестете алмауы мүмкін. Қарағанды өңірінің алғаш іргесін қалаған еңбекшілердің, құрылысшылардың ересен зор еңбегі, олардың есімдері әр өңіріміздің азаматына белгілі боп, олардың іс – қызметін үлгі тұтып, ардақтай білулері тиіс.

     Облысымыздың білім, денсаулық салаларының, мәдениет, өнер, әдебиет салаларының дамуына және қала, аудан, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, интеллектуалдық потенциалының рухани өсуі мен дамуына жеке өздерінің қомақты үлес қосқан қаншама адамдар бар. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған «Аймақтың құрдастары: 80 жыл біргеміз» атты шағын сайттың  басты тұлғалары Қарағанды облысының қалыптасу жылымен (1936) сәйкес келген және оның дамуы мен өсуіне елеулі үлес қосқан жергілікті тұрғындар болады.

     Бұл интернет-ресурсты даярлау барысында  Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың кітап қоры, өлкетану картотекасы және «Өлкетану» электрондық каталогы, газет жариялымдарының мұрағаттық тақырыптық папкалары, облыс қалалары мен аудандарының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қорының өлкетанулық материалдары, отбасылық архивтерден, интернеттен алынған құжаттар пайдаланылды.

      Жоба жалпыға ортақ, Қарағанды облысының басқа да аймақтарының білім беру, мәдениет, денсаулық т.б. мекемелері жобаға қатыса алады.

      Есімі елге танылған азамат-қайраткерлердің өнегелі жолдары және өлкенің көрнекті оқиғалары туралы есімі мен еңбегі Қарағанды жұртшылығының жадында мәңгілік сақталады.

bottom of page