top of page

Қалибек Қуанышбаев

(1893-1968)

504533d4690a052ea90061465890c290-1440x_.jpg

Қазақстанның халық артисі Қалибек Қуанышбаев 1893 жылы 25 сәуірде қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты Қарақопа деген жерде туған. Қ. Қуанышбаев – қазақ совет актері, ұлттық профессионалдық театр өнерінің негізін салушылардың бірі, көркем сөз оқушы, қоғам қайраткері, СССР халық артисі (1959). Жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа, той-тамашаға жаны құмар, думаншыл Қалибек халықтың сөз өнерін терең ұғып өсті. Ол ел арасындағы сопы-молдалардың, атқамінерлер мен жебір болыстардың, қаныпезер сұрқиялардың неше түрлі сұмдық істері мен оғаш қылықтарын сынап-мінеуде халықтың өткір сықағы мен ажуасын молынан пайдаланды. Жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ «екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын» орындап, тыңдаушы көпшілікті қыран күлкіге кенелтті.

Оның есімі халық арасына кеңінен тарады. Ауылдан ұзап шығып, қалада (Қарқаралы) өнер көрсетті. Халықты күлдіре жүріп, көп жайларға көңіл аударды. Ауылда ғана емес, басқа жерлерде де әлеуметтік теңсіздіктің бар екеніне көзі жеткен Қалибек көңіліне түйген күлкілі істерді қолма-қол орындап, халыққа дер кезінде көрсетіп отырды. Халық өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренді.

Қалибек – сахналық өнерге ұлттық сипат, халықтық қасиет әкелген реалист суреткер. Радио, эстрадалық өнерге арнап шағын, күлдіргі әңгіме-пьессалар мен өлең-сықақтар, тақпақ-қағытпалар да жазды. Олар 1936 жылы «Түйрегіш», 1962 жылы «Шаншарлар» деген атпен жарық көрді. 1937 жылдан көптеген көркем фильмдерге Қалибек жасаған басты тұлғалар: Байбол («Амакелдіде», 1938), Толағай («Алып туралы әнде», 1942), Абай («Абай әнінде», 1945), Берғалиев («Алтын мүйізде», 1948), Жарқын («Махаббат дастанында», 1954), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта», 1957), Мәке («Мухитты көргім келедіде», 1965), тағы басқалар. Қалибектің жәрмеңке думаншыларының сауығы туралы Ш.Қусайыновпен біргіп жазған «Шаншарлар» комедиясы 1948 жылы Ш.Аймановтың режиссурасымен Қазақ драма театрында қойылды. Алматы театр училищесінде педагогикалық қызметпен және көркем сөз оқумен шұғылданды. Қалибек Қуанышбаев халқымыздың ауыз әдебиетін жақсы біледі. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт және де қазақ ақын-жазушыларының талай өлеңдерін жатқа айтатын болған. https://kitap.kz/music/5/kalibek-kuanyshbaev-oqygan-olengder

1948 және 1958 жылдары Москва Көркем театрының 50 жыл толуына арналған мерекелік концертпен Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1972 жылы «Қазақфильм» студиясы «Қалибек Қуанышбаев» атты телефильм (режиссері Қ. Ахметов) қойды. II – IV сайланған СССР Жоғарғы Советінің депутаты. СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952). 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

Жұбайы Қазия екеуі Нәдір, Қадір, Андабек атты үш ұл және Жамал есімді қыз баласын тәрбиелеп өсірген.

1968 жылы 6 маусымда ауыр науқастан 75 жасында Алматы қаласында дүние салды.

Қуанышбаев құрметіне Алматы, Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелерге және Астана қаласындағы Қазақ Музыкалық драма театрына Қ. Қуанышбаевтың есімі берілді.

Ғұмырнамалық деректер

Әдебиеттер:

Қуанышбаев Қ. Шаншарлар: Өлең-фельетондар, сықақ әңгімелер, пьесалар.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962.- 264 б.

Құсаинов Ш. Шаншарлар: комедия / Ш. Құсаинов, Қ. Қуанышбаев. - Қазақ пьесалары: жинақ / құраст. Қ. Мұқаметжанов. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1957. - 539 – 597 б.

***

Қаллеки жазған жырлардан // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 29 б.

Қаллеки Өлеңдері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 21 мамыр

Қуанышбаев Қ. Абай бейнесін қалай жасадым // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 23, 24 б. -скан.бар

Қуанышбаев Қ. Ақылшы еді, аға еді... // Қазақ әдебиеті. - 1962. - 29 июнь (№ 26). - 2 б.- скан бар

Қуанышбаев Қ. Екі естелік // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 10. - 56 б.

Қуанышбаев Қ. Жәркенге // Қарқаралы. - 1993. - № 9/10. - 29 б.

Қуанышбаев Қ. Мен Дуанбасының ролін қалай ойнадым // Қарқаралы. - 1993.- №9-10.- 24-27 б.

Қуанышбаев Қ. Өгіз сату. Қой күзет // Қарқаралы.- 1993.- 11 қыркүйек

Қуанышбаев Қ. Сықақ әңгімелері // Орталық Қазақстан.- 1993.- 1, 4 қыркүйек

Мұқан А. Опера сахнасында тұңғыш Абайдың жолын салушы // Мәдениет. - 2007. - №8-9. - 66-71 б.

Қ.Қуанышбаев туралы әдебиеттер:

 

Қазақ сахнасының абызы, актер Қалибек Қуанышбаев шығармашылығы туралы // Бөпежанова Ә. Сахна сәулесі: [жинақ : Театр туралы мақалалар, эсселер, портреттер]. - Алматы: Алматы-Болашақ, 2020. - 4 б.

Аманжолов Қ. Р. Шығармалар - 4 т: прозалық және драмалық шығармалар / құраст. Ғ. Қайырбеков. - Алматы: Жазушы, 1980. - 253 б.

Байсейітов Қ. Құштар көңіл. - Алматы: Жалын баспасы, 2004. - 232 б.

Бел-белестер: жинақ / құраст. Б. Құндақбаев. - Алматы: Өнер, 1987. - 288 б.

Досанов С. Жүректің отын сөндірме. - Алматы: Өнер, 1989. - 271 б.

Әуезов М. О. Уақыт және әдебиет; ред. Ы. Т. Дүйсенбаев. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. - 428 б.

Жұртбаев Т. Дара Тұлға. - Алматы: Өнер, 1984. - 248 б.

Жұртбай Т. Қалибек Қуанышбаев / Т. Жұртбай; ред. М. Әкімжанов. - Астана: Фолиант, 2006. - 372 б.

Жұртбай Т. Қалибек Қуанышбаев. - Алматы: Қайнар, 2009. - 336 б.

Қарақбайқызы Х. Қайран, Жүсекем! - Алматы: Санат, 1998. - 336 б.

Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі / құраст. А. Мусинов. - Алматы: Өнер, 1993. - 254 б.

Қуандықов Қ. Театрда туған ойлар: сын мақалалары. - Алматы: Жазушы, 1972. - 222 б.

Қуандықов Қ. Тұнғыш ұлт театры. - Алматы: Жазушы, 1969. - 244 б.

Құндақбайұлы Б. Заман және театр. - Алматы: Өнер, 2001. - 520 б.

Ләмбекұлы С. Халықтан шыққан Қаллеки // Ләмбекұлы С. Қарқаралы: [энциклопедия]. - Астана: Фолиант, 2011. – 183-187 б.

Майчекин М. Қалибек Қуанышбаев. - Алматы: Жазушы, 1972. - 35 б.

Майшекин М. Көркемөнер шеберлері. - Алматы: Қаз. мемлекет баспасы, 1959. - 139 б.

Өмірзақов Е. Ұстаздарым-достарым: естеліктер. - Алматы: Жалын, 1976. - 126 б.

Сығай Ә. Актер әлемі. 1 том. - Алматы: Ан Арыс, 2008. - 271 б.

Сығай Ә. Сахна саңлақтары. - Алматы: Жалын, 1998. - 510 б.

Тоқпанов А. Бүгінгі күнге дейін. - Алматы: Жалын, 1976. - 280 б.

Бел-белестер: [жинақ] / құраст. Б. Құндақбаев.- Алматы: Өнер, 1987.- 288 б.

Досанов С. Жүректің отын сөндірме.- Алматы: Өнер, 1989.- 271 б.

Жұртбаев Т. Дара тұлға: Деректі повесть.- Алматы: Өнер, 1984.- 248 б.

Досанов С. Таудың таңы ерте атады // Жүректің отын сөндірме.- Алматы, 1989.- 171-190 б.

Жұбаншалиев А. Өнермен өзектес өміртер /- Алматы: Өнер, 1987.- 120 б.

Қарақбайқызы Х. Қайран, Жүсекем! Алматы: Санат, 1998.- 336 б.

Қожамқұлов С. Шеберлік мектебі /құраст. А. Мусинов.- Алматы: Өнер, 1993.- 254 б.

Қуандықов Қ. Театрда туған ойлар: сын мақалалары - Алматы: Жазушы, 1972.- 222 б.

Қуандықов Қ. Тұңғыш ұлт театры Алматы: Жазушы, 1969.- 244 б.

Қуанышбаев Қ. Шаншарлар: Өлеңдер-фелетондар, сықақ әңгімелер, пьесалар /құраст. С. Бегалин.-Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962.- 264 б.

Құндақбаев Б. Уақыт және театр: Зерттеулер мен мақалалар - Алматы: Өнер, 1981.- 328 б.

Құндақбайұлы Б. Заман және театр Алматы: Өнер, 2001.- 520 б.

Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар: үш томдық.-том. Пьесалар. Портреттер. Өнер жайлы ойлар. - Алматы: Атамұра, 1998.- 320 б.

Өмірзақов Е. Ұстаздарым-достарым: Естеліктер - Алматы: Жалын, 1976.- 126 б.

Тоғжанов Е.Л. Атамекен: оқу құрал /Тоғжанов Е.Л., Аршабеков Т.Т.- Қарағанды: Қарағанды экономикалық ун-ті, 2002.- 324 б.

Тоқпанов А. Бүгінгі күнге дейін. - Алматы: Жалын, 1976.- 280 б.

 

***

Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 100 жыл толуына әзірлену мен өткізу және оны мәңгі есте қалдыру туралы: ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысы // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы.- 1993.- №4

Аймауытов Ж. Қалыбек әртіс // Қарқаралы. - 1993. - № 9/10. - 17-18 б.

Асхат Қ. Ұлы актер // Қарқаралы. - 2013. - 13 сәуір (№ 29/30). - 4 б.

Әбілова С. Мамыраев ауылындағы мұра // Орталық Қазақстан. - 2020. - 9 маусым. - 6 б.

Әуезов М. Халық артисі // Қарқаралы. - 1993. - № 9/10. - 15-17 б.

Баласы Қуанышбай мен Қалибек, өнерді бала жастан еттім ермек // Қарқаралы. - 2023. - 29 сәуір (№ 17). - 8 б.

Бейбітханқызы А. Театр-мәңгілік // Азия Транзит.- Қарағaнды, 2003.-N12.-43 б.

Бектұров Ж. Қалибек және ол Кенесары бейнесінде // Орталық Қазақстан.- 1993.- 3 шілде

Елебеккеліні Х.Қ. Естен кетпес күндер // Орталық Қазақстан.- 2003.-11 қараша.-5 б.

Есімі алтын әріппен жазылды // Қарқаралы. - 2023. - 16 желтоқсан (№ 50). - 8 б.

Жұмабай Н. Алғашқы «Абай» қалай туды? // Егемен Қазақстан. - 2023. - 3 мамыр (№ 82). - 10 б.

Жұмабай Н. Абайды сомдаған актерлер // Егемен Қазақстан. - 2020. - 3 желтоқсан. - 13 б.

Жұмабай Н. Шабыт шалқытар шаңырақ // Егемен Қазақстан. - 2020. - 1 желтоқсан. - 14 б.

Жұмабай Н. Қаллекидің таяғы // Егемен Қазақстан. - 2021. - 2 ақпан (№ 22). - 13 б.

Жұмабеков К.Н. Қадірі артық Қаллеки // Орталық Қазақстан.- 2003.- 8 қараша.-9 б.

Жұмағалиқызы Қ.      Сын шын болсын // QARAĞANDY HABARY. - 2023. - 28 қыркүйек (№ 35). - 7 б.

Иманжанов М. Ұлы ақын туралы фильм // Социалистік Қазақстан. - 1945. - 28 дек. (№ 262). - 3 б.

Құдышұлы О. Бір өзі - бір театр // Қарқаралы. - 2013. - 7 қыркүйек (№ 71/72). - 5 б.

Қымбаева Р. Қаллеки - өмірде де, өнерде де биік // Қарқаралы. - 2013. - 26 қазан. - 8 б.

Майчекин М. Біздің Қаллекей: «Қалибек Қуанышбаев» атты кітабынан қысқартылып алынды // Театр. kz. - 2014. - № 4. - 38-44 б.

Мамыраев М. Қазақ өнерінің ардагері // Қарқаралы.- 1993.- №9-10.- 33-36 б.

Махметұлы С. Өнердің ізі ел ішінде // Орталық Қазақстан. - 2006. - 13 сәуір. - 13 б.

Мемориалдық тақта жаңартылды // Қарқаралы. - 2023. - 16 желтоқсан (№ 50). - 8 б.

Мыңбай Р. Мен айтпай, сірә, кім айтар... // Театр. kz. - 2012. - № 1. - 40-43 б.

Нарын Е. Құнды жәдігерлер // Орталық Қазақстан. - 2023. - 21 қыркүйек (№ 105). - 8 б.

Нәсенов Б. Жұмат Шаниннің көпшілікке белгісіз бір ерлігі туралы //Мәдениет.-2014.- № 3. - 4-6 б.

Нұрғали Р. Қазақ театрының нар қобызы // Егемен Қазақстан.- 2004.- 30 қаңтар.-4 б.

Оразов Н. Дарқан дарын // Сарыарқа. - Ақмола. - 1993. - № 6. - 71-76 б.

 

Римова Б. Қаллекидің пір тұтамын // Қазақ әдебиеті.- 1993.- 3 қыркүйек.- 3 б.

Рымжанов М. Ұлттық театрымыздың абызы // Орталық Қазақстан.- 1993.- 29 сәуір

Сексенұлы С. Театр мен кино өнерінің абызы // Орталық Қазақстан. - 2023. - 28 қыркүйек (№ 108). - 6 б.

Сығай Ә. Қалибек Қуанышбаев // Мәдениет. - 2011. - № 2. - 2-7 б.

Ұлы актер Қалибек Қуанышбаевтың 100 жылдық мерейтойы оның туған жерінде атап өтілді // Қарқаралы.- 1993.- 25 қыркүйек

bottom of page