top of page

Қарқаралы ауданындағы музейдің ІІ залы

Қ. Қуанышбаевқа арналған

Ауылдық музейде Қ. Қуанышбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, еңбектерінен хабар беретін құжаттар, естеліктер бар.

 

Олар Қ. Қуанышбаевтың өзі жазған «Шаншарлар», Т.Жұртбай «Дара тұлға» атты деректі повестері, М. Майшекин «Қ. Қуанышбаев», Б. Римова, Х. Елебекова, Қ. Бадыров, Ш. Жандарбекова, Қ. Байсейітов, Г. Толыбаева т.б. өнер адамдары мен жазушы сыншылар жазған естелік кітаптар, газет-журналдар қойылған. Абай ролін сомдаған кездегі киген киімдері, сонымен қатар С.Мұқанов зейнеткерлікке шыққанда сыйға тартқан шапаны төрден орын алған. Қалекидің еңбек жолындағы спектакльдерде сомдаған кейіпкерлерінің бейнесінде түскен, жанұясымен түскендегі фотошежірелер жинағы. Актердың өмірі мен шығармашылығына арналған залдағы ел назарын бірден өзіне аударған әйгілі мүсінші Е.В. Вучетичтың қолынан жасалған Қалекидың мүсіні және Қалекиге арналған хаты: Егер менің әкем тірі болса, оның жанарындағы, жүрегіндегі мейірімнің, адамгершілігінің, жан дүние сұлулығының, тіпті, бет-бейнесінің сендей болғанын қалар едім және солай елестетемін де,- жазуы, Қ. Қуанышбаевтың адамдық қадір-қасиетіне берілген әділ баға, жан түкпірінен шымырлап шыққан шырын сөз. Әйгілі режиссер Ә. Мамбетов пен түскен суреті, Қалекиге өзбек ағайындары сыйға тартқан ала шапаны орын алған. Қол таяқ М. Әуезов Ш. Аймановқа, Ш. Айманов Қалекиге сыйға тартқан күміспен әрленген, келесі жағында актердің өзі шерткен домбырасы ілінген, Қалекидің ас ішкен ыдыстары және Қ. Қуанышбаевтың жанды дауысының таспасы (Абайдың қара сөздері 15 минуттық) .1993 жылы 100 жылдық мерей тойында балалары мұражайға табыстаған фотосуреттері және кітаптары.

Қ.Қуанышбевтың жеке заттар тізімі

bottom of page