Қалибек Қуанышбаев
Ғұмырнамалық негізгі деректер
1893 ж. - Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарытау ауылында дүниеге келді.
1904 ж. - Абай қазасын аза тұтады.
1914 ж. - маусым айының басында Жынды Омар екеуі жәрмеңкеде алғаш өнер көрсетті.
1916 ж. - Белоруссиядағы тылда жұмысқа әскерге алынады.
1917-1920 ж. - Омбыда көшір болады.
1920 ж. - Анасы Күніпия дүниеден қайтты, ауылнай қызметін атқарады.
1922 ж. - Автономияның бір жылдық тойында әнші Ғаббас, Жынды Омар, Зәрубай, Ахметтермен бірігіп Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсетті. Мұхтар Әуезовпен танысты.
1925 ж. - маусымда Қояндыда Қажымұқан, Қали Байжанов, Майра Уалиқызы, Иса Байзақов, Омар, Зарубай,Ахмет ойын-сауық қойды.
1925 ж. - қыркүйекте «Еңбекші қазақ» газетінде бір топ өнерпаздармен қатар Қалибекті театрға шақырған хабарландыру басылды.
1926 ж. - 13 қаңтар –Қазақ театрының шымылдығы М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды, онда Қаллеки Қарамендінің рөлін ойнады.
1927 ж. - Мәскеуде халық өнерпаздардың этнографиялық концертіне қатысты.
1928 ж. - Театр Алматы қаласына ауысты.
1934 ж. - Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.
1936 ж. - мамыр айында Қазақ өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне қатысты «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1936 ж. - Қазақ ССР-нің Халық әртісі атағын алды.
1936 ж. - Н.В. Гоголдің «Ревизор» Дуанбасы рөлін сахнаға шығарды.
1937 ж. - «Аманкелді» кино фильміне түсті.
1940 ж. - М.Әуезовтың «Абай» трагедиясындағы Абай образын сомдады.
1942 ж. - Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты», Мылқау балуан образын сомдады.
1942 ж. - М. Әуезов, Ә. Әбішев «Намыс гвардиясы» генерал Панфилов образын сомдады.
1943 ж. - В. Шекспир «Асауға тұсау» Баптиста бейнесін сомдады.
1945 ж. - «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды.
1946 ж. - «Ленин орденімен» марапатталды және «Абай» фильміндегі Абай бейнесінде киноға түсті.
1946-1959 ж. - Қостанай облысы еңбекшілерінің атынан үш мәрте қатарынан КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды.
1948 ж. - Ш. Құсайынов пен Қ. Қуанышбаевтың «Шаншарлар» спектаклі қойылды.
1949 ж. - М. Әуезовтің «Абай» романы желісімен Ш. Айманов пен Я. Штейннің инсценировкасы бойынша жасалған спектакльде Құнанбай образын жасады.
1953 ж. - КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1957 ж. - М. Әуезов «Еңлік -Кебек» Абыз образын сомдады.
1958 ж. - Қазақ өнері мен әдебиетінің екінші онкүндігіне қатысып «Асауға тұсау» Баптиста, «Ақын трагедиясындағы» Мылқау Балуан, «Жалғыз ағаш орман еместегі» -Жанас ролінде ойнады.
1958 ж. - СССР Халық әртісі атағы берілді.
1959 ж. - Фрунзе қаласындағы гастроль кезінде екінші рет инфаркт алды.
1959-1968 ж. - Құрметті демалысқа шықты.
1968 ж. - 6 маусым күні дүниеден қайтты.