top of page

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық

қазақ музыкалық драма театры

251336889_227827602778261_7453584757624736596_n.jpg

Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» драмасымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды.

Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайраткерлері:

– Жақып Омаров 1991-1996 жылдары;

– Қазақстан Халық артисі Қадыр Жетпісбаев 1996-1998 жылдары;

– Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов 1999-2009 жылдары жетекшілік етті.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, жаңаша қойылымдармен толықтырып келеді.

2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымында: режиссер, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов, режиссерлер, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Н. Жұманиязов, Ә. Оразбековтер қызмет етеді. Театр директорының қызметін – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б. Ұзақов атқарады. Актерлық құрамында – 55 актер, оның ішінде 4 – «ҚР Халық артисі», 4 – «ҚР еңбек сіңірген артисі», 19 - «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», 1 – ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 1 – ҚР Жастар одағы сыйлығының иегері, 1 – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері бар. Сол секілді театр оркестрінің құрамында 18 адам жұмыс атқарады. http://madeniportal.kz/article/195

 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

Мүсін (2016)Астана театр.jpg

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының құрылғанына 25 жыл толуына орай, театр тарихы туралы кітап жарыққа шықты және Қалибек Қуанышбаевтың ескерткіш-мүсінінің ашылды.

bottom of page