top of page
Алғы сөз

Құрметті оқырман алдарыңызға ұсынылып отырған кітап көрмесі Қазақстанның халық артисі, қазақ актері Қалибек Қуанышбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналады.

Қалибек Қуанышбаев – қазақ ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы. Қазақ кәсіби сахна өнерінің абызы, жүз елуге жуық роль ойнап, өшпес ізін, ұмытылмас өнегесін қалдырды. Сонымен бірге қазақ өнерінде аты алтын әріптермен жазылған Қ. Қуанышбаев кинодағы рольдерімен қазақ кинематографиясына да өз үлесін қосты.

Қ. Қуанышбаев халқымыздың ауыз әдебиетін жақсы білген. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт және де қазақ ақын-жазушыларының талай өлеңдерін жатқа айтатын болған. Тіл өнерінде Қалибектен асқан актер болған жоқ деп әріптестері мойындаған.

Сахна өнерінің Қалибек Қуанышбаев шыққан ең биік шыңы - М. Әуезов пен Л. Соболевтің пьесасындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай рөлі болды. Дарынды артист бүкіл қазақ халқының алтын діңгегін арқалап шыққандай көрінеді.

Қ. Қуанышбаев құрметіне Қарағанды, Қарқаралы қалаларында көшелер аталған. Қарқаралыдағы ол тұрған үйге мемориалдық тақта қойылған. Астана қаласында Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры бар. (https://kaztheatre.kz)

Ұлы актердің, сазгердің шығармашылығынан бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс.

Осыған орай назарларыңызға «Дарқан дарын» атты виртуалды көрмені ұсынамыз.

Көрменің мақсаты: актердің туған халқына, өнеріне сіңірген еңбегін таныту, оны кейінгі ұрпаққа паш ету, ол өмір сүрген қоғамдық орта арқылы өнерді танып білу.

Виртуалды көрмеден Қалибек Қуанышбаевты жан-жақты кешенді зерттеуде өзіндік үлес қосып жүрген ғалымдардың, ақын-жазушылардың, өлкетанушылардың сонымен бірге көпшілікке кеңінен насихаттау бағытында үлкен жұмыс жүргізіп жүрген жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының еңбектерімен таныса аласыздар.

Виртуалды кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады: «Өмірбаян», «Бір өзі – бір театр», «Фотосуреттер».

Көрмеде кітапхана қорындағы Қ. Қуанышбаев жайында мақалалар, зерттеулер жинақталған, кейбір мақалалардың толық мәтіні берілген және әлеуметтік желідегі ауқымды қамтылған барлық мәліметтердің сілтемелері жасалған. Бұл материалдар арқылы оқырманның аса құнды мәліметтер ала алатындығы даусыз.

 

Қалибек Қуанышбаев туралы қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қажетті ақпараттарды виртуалды кітап көрмеден таба алады деген ойдамыз. Мұнда орналастырылған мәліметтер әрдайым жаңа деректермен толықтырылып отырады.

bottom of page