ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ
Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды.
Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштер негізінен 4 түрге бөлінеді: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнер ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Оған адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын жатқызамыз. Адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіші, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жеткізуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорғандардың, Сақ дәуірінен, Көне түркі кезеңінен жеткен тас мүсіндер, құлпытас, қойтас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері – ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады.
Ал монумент деген ұғымның мағынасы – ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды.
Монументтер әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де - осы, көлемі нақты үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, көбінесе көрнекті жерлерге, қаланың орталық алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына орнатылады.
Ескерткіштің айрықша танымал адамдарға арналатынын айтқанда, халықтың ар-намысы, ұжданы болған Қаз дауысты Қазыбектің ұлы еңбегңн айту керек, оған деген тұтас елдің сүйіспеншілігі – ең ірі ескерткіш. Ұлт тұтастығы мен халық бірлігін әлемдік деңгейде ойлаған ұлы тұлғаға Астана, Қарағанды, Қарқаралы, Егіндібұлақта ескерткіш бар.
Құрметті сайт қонақтары Сіздер бұл бөлімнен Қаз дауысты Қазыбек биге арналған монументалды сәулеттік ескерткіштермен толығырақ таныс боласыздар.
Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші. Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауылы, 1995 жыл
1995 жылы бұрынғы мәлімет бойынша Ұлы бидің туғанына 330 жыл толуына байланысты ас беріліп, халықтың жинаған қаржысына жасалған ескерткіш.
Авторы: Жаубасар Қалиев
Ескерткіштің іргетасы қойылған шақта соған арнайы барып данышпан бабамыздың мүрдесі мәңгілікке дамылдап жатқан Түркістан қаласындағы Әзіреті Сұлтан қорымынан әкелінген бір уыс топырағы салынды.
Қиырға жанарын тігіп, тас үстіне тізе бүккен ұлы бидің мүсінінен ел болашағы үшін жаны қиналған күрескер тұлғаның бейнесі танылады.
Жыл сайын Егіндібұлақ ауылында Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың ескерткіші ашылған
күн «Ауыл күні» болып аталып өтіледі.
«Қазыбек би» мүсіні. Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, 2004 жыл 29 шілде
Қарқаралы қаласының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қарқаралы аудандық соты ғимаратының алдына орнатылған ескерткіш.
Авторы: Жаубасар Қалиев
«Қазыбек би» бюст. Қостанай қаласы, 2007 жыл
Бюст Қостанай қаласы Пушкин көшесі 100/1 үйдің жанында орналасқан.
Авторы: Баян Жолдыбайқызы Баталова
Қазыбек би кеуіті – 1 м. 70 см. ұзындығы, қоладан жасалып және ақ мрамормен қапталып, бетон тұғырына орнатылған.
Жоғарғы бөлігінде Қазыбек бидің атымен, өмір жылдары жазылған мрамор тақсаты орнатылған.
Тұғырдың қима көлемі – 2 х 2 м.
Тұғыр биіктігі – 1м 80 см. Ескерткіш биіктігі – 3,5 м.
«Үш би» ескерткіші. Алматы қаласы, 2014, 30 сәуір
Алматы облыстық соты ғимаратының алдына қойылған «Үш би» ескерткіші
Тибет үстіртінің терістік қатпарын құрайтын Шүлентауындағы Ақсай деп аталатын ауданында үш биге арналған ескерткіш.
Ақсай ауданы әкімшілік жақтан ҚХР-дың Гансу провинциясы Сорбұлақ (Жючуан) аймағына қарайды.
Әділ сот ескерткіші. Астана, 1998 жыл
Бұл ескерткіш композициясы биіктікте отырған ұлттық бас киім мен киімін киген үш ақсақал болып келеді. Бұлар Төле-би, Қазыбек-би мен Әйтеке-би.
«Жарғы» қазақ құқығының ортасында ерекше әлеуметтік категория болған, ол билер, соттар мен сот билігінің символы, сонымен қатар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз басы заң шығарушы, ақпарат көздерінің, ережелер мен «Дала құқығы» әрекеттерінің білгіші, ақын және шешен, ең бастысы әділдікке берілген тұлға болған.
1998 жылы ашылған ескерткіш даланың қатаң әділдігі мен халық бірлігіне арналған болатын.
Ескерткіш қала көркі болып саналады және қала қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орындарының бірі.
Авторы: Мұрат Мансұров
Әлиакпаров М. Т. Үш би = Три бия = Three byis / М. Т. Әлиакпаров. - Астана: Акмолинская полиграфия, 2000. - 89 б.
«Үш би» ескерткіші. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы , 2004 жыл қараша
Жаңаарқа аудандық соттың кеңесі алдындағы қазақтың данагөй үш биі - Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіші.
Авторы: Жаубасар Қалиев
«Қаздауысты Қазыбек би» ескерткіші. Қарағанды қаласы, 2011 жыл, 10 қазан
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңда Қазыбек бидің ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Еңселі ескерткіштің ашылу шарасына мемлекет және қоғам қайраткерлері мен Парламет Сенаты және Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ, өнер және мәдениет өкілдері, би атаның ұрпақтары қатысты.
Автор - Мұрат Мансұров.
Ескерткіш облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында жасалған, өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бөлінген 33 миллион теңгеге тұрғызылды.
Қаз дауысты Қазыбектің қоладан құйылған ескерткішінің биіктігі - 6 метр, гранитпен қапталған тұғырымен қоса есептегенде - 14 метр.
Қаздауысты Қазыбектің жоғары көтерілген оң қолы халқына тура бағыт сілтеп, жөн көрсетсе, сол қолына заңдар жинағын ұстап тұр. Басындағы - мұра қалпағы оның Орта жүзден екенін көрсетеді.
Бұл ескерткіш – Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи, мәдени өмірінде маңызды орын алады.
Мерейтойлық стелла. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы, 2017, тамыз
Қаздауысыты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына арнап Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында ескерткіш белгі ашылды. Демеуші Астана қаласының тұрғыны, Егіндібұлақтың тумасы Ғани Омаров. Бұған қоса, балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Әдебиеттер:
Аманжол Қ. Еркіндіктің еңселі ескерткіштері // Егемен Қазақстан. - 2016. - 17 желтоқсан (№ 243). - 7 б.
Асан М. Тұлпар тұяғымен жазылған тарих // Егемен Қазақстан. - 2017. - 13 қыркүйек (№ 175). - 8 б.
Бабамыздың мүсіні орнатылды // Қарқаралы. - 2004. - 7 тамыз.
Балташұлы Е. "Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп тумайды" // Орталық Қазақстан. - 2001. - 28 сәуір.
Балташұлы Е. Керім даланың Кемеңгері // Орталық Қазақстан. - 2000. - 30 тамыз.
Ерман Ж. Қаздауысты Қазыбек ескерткіші // Орталық Қазақстан. - 2011. - 11 қазан (№ 168). - 1 б.
Ештай А. Үш биге ескерткіш орнату ойда жүрген шаруа еді: Ақмола облыстық сотының төрағасы А. Ештаймен әңгіме / әңгімелескен Қ. Жүсіп // Заң газеті. - 2012. - 18 қаңтар (№ 7). - 1 - 2 б.
Жанғожин А. Астана біздің жүрегімізде / А.Жанғожин, Е.Лұқпан // Орталық Қазақстан. - 2004. - 5 ақпан. - 4 б.
Жүнісбеков Д. Оң өзгерістерге ел разы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 15 қараша.
Жүнісбекұлы Д. Баба аруағы асқақтаған күн // Қарқаралы. - 2001. - 28 шілде.
Жүнісбекұлы Д. Баба ескерткішіне 15 жыл // Қарқаралы. - 2010. - 10 шілде (№ 55/56). - 1 б.
Жүнісбекұлы Д. Ескерткіштегі елес // Орталық Қазақстан. - 2009. - 7 мамыр (№ 66/67). - 8 б.
Қазыбек би - ел бірлігінің бастаушысы // Орталық Қазақстан. - 2016. - 27 тамыз (№ 136/137). - 6 б.
Майбас Т. Азаматы келіскен ауылдың ертеңі жарқын // Орталық Қазақстан. - 2001. - 11 шілде.
Омарбекова М. Қарқаралының тарихи ескерткіштері және саяхат маршруттары // Орталық Қазақстан. - 2000. - 13-31 мамыр, 3 маусым.
Омарбекұлы М. Ұлы бабаға орнатылған ескерткішке - 10 жыл // Қарқаралы. - 2005. - 9 шілде. - 3 б.
Рахметуллин Қ. Нышан // Сана. - 2000 . - 10 тамыз(N30). - 2 б.
Сматаев С. Қонды - ау бүгін тұғырға // Орталық Қазақстан. - 2011. - 13 қазан (№ 169). - 1 б.
Үш жүзге билік айтқан даналар // Жаңаарқа. - 2004. - 20 қараша.