top of page

ҚАЗ ДАУЫС­ТЫ ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ШАПАНЫ

Қазыбек бабаның шапаны – бидің рухани мұраларынан кейінгі ең құнды жәдігер. Шапан парша, мақта-матадан тігілген. Өн бойы құс қанаты, құмыра, өсімдік тектес өрнектермен, алтын, күміс жалатылған мыс жіптермен көмкерілген. Атадан қалған асыл мұра, зерлі шапанды Қазыбек бидің жетінші ұрпағы Қарқаралы ауданының Едірей ауылында тұратын Алтын Қожах­метов (1924-2015) ақсақал сақтап келіпті. Баба ұрпағының айтуынша, бұл шапанды ұрпақтары асқан қиындық пен небір тауқыметке жолықса да, көздерінің қарашығындай сақтаған. Кеңестік жүйенің ұлттық болмысымыздың тамырына балта шауып, рухани мұрамызды күл-талқан қылмақ болған ниеті Қазыбек бидің шапанына да қауіп төндірді. Жерге көміп тастап, үйілген шөмеленің астына тығып жүріп сақтаған киелі жәдігер ақыры аман қалып, мемлекет қарауындағы рухани құндылықтар қатарын толықтырып отыр. Алтын Қожах­метов 2008 жылы сол кездегі Президенттік мәдениет орталығының басшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің аттай қалауы­мен аталған орталыққа өткізген.

Әр жылдары адамдар қазақы жолмен ырымдап, шапанның әр жер-әр жерінен кесіп, қиып алып отырған. Құнды жәді­гер бастапқы қалпында сақтал­мағандықтан, реставрация жұмыс­тарын жасауды қажет етті. Бидің шапанына көп кешікпей жаңарту, қайта қалпына кел­тіру жұмыстары жүргізілді. Шапанды шебер Тұрсынкүл Жайлаубаева 2008-2010 жыл­дар аралығында қайта жаң­ғыртудан өткізді. Бұл шапанның Ұлттық музей­дің Қазақстан тарихы залында «Қазақ қоға­мындағы құқықтық қа­ты­нас­тар» деген тақы­рып­тағы заттардың қата­рында тұр.

ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ШАПАНЫ

Қазақстан. ХVII-XVIII ғ.

Материал: парша, мақта-мата.

Техникасы: қолмен тігілген.

Өлшемі: жалпы ұзындығы: сол жағы – 134 см., оң жағы – 135 см.

Жеңінің ұзындығы: сол жағы – 70 см., оң жағы – 70 см.

Жағасының ұзындығы: 122 см.

Шапан ашық жасыл паршадан тігілген. Өн бойына құмыра, құс қанаты, өсімдік тектес өрнектер алтын, күміс жалатылған мыс жіптермен түскен, астарланған. 

ЧАПАН КАЗЫБЕК БИ

Казахстан. ХVII-XVIII ғ.

Материал: Парча, хлопковая ткань.

Техника: ручная работа.

Размер: общая длина изделия: левая часть – 134 см., правая часть – 135 см.

Длина рукава: левый – 70 см., правый – 70 см:

Длина ворота: 122 см.

Чапан сшит из свело-зеленой парчи. Полностью расшит узорами кувшинов, птичьих перьев, вьющимися растениями, посеребренными медными нитями.

Әдебиеттер:

 

Асқар Н.  Қазыбек бидің шапаны - президент мұражайында // Взгляд на события. - 2008. - 7 мамыр (№40). - 19 б.

Балташұлы Е. Баба тәбәрігі - бас қала төрінде /Балташұлы, М. Сембай // Орталық Қазақстан. - 2008. - 6 мамыр (№71) . - 1 б.

Ерман Ж.  Қазбек бидің шапаны // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 8 б.

Ерман Ж. Ұлытауда ұлар жоқ. Ашындырма ақынды. Қазыбек бидің шапаны // Қазақ әдебиеті. - 2017. - 16 - 22 маусым  (№ 25). - 15 б.

Жүнісбекұлы Д. Қадауысты Қазыбек бабамыздың шапаны табылды // Орталық Қазақстан. - 2001. - 25 тамыз, Қарқаралы. - 2001. - 11 тамыз.

Қабидолдин, Р. Сөзі - аманат, шапаны – тәбәрік // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 8 б.

Несіпбай А. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен Қаздауысты Қазыбек бидің шапаны Президенттің мәдениет орталығына тапсырылды // Егемен Қазақстан. - 2008. - 6 мамыр (№130-131). - 8 б.

Ноғайбекқызы Л.  Қазыбек би шапанының қасиеті // Егемен Қазақстан. - 2017. - 16 қараша (№ 221). - 8 б.

Санақұлова Б.  Қайта жаңғырған қасиетті жәдігер // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2009. - № 6. - 48-50 б., Орталық Қазақстан. - 2010. - 7 қаңтар (№ 2). - 6 б.

Смағүлов Р.  Бабамыздың шапаны құтты орнына аттанды. // Қарқаралы. - 2008. - (№37 - 38). - 2 б.

Тоқтарбай Б. Қаздауысты Қазыбек бидің шапаны // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 5-11 ақпан (№ 5). - 5 б.

do-restavr.-001.jpg
Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгенге дейін

Чапан Казыбек би до реставрации

do-restavr.-00.jpg
Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгенге дейін

Чапан Казыбек би до реставрации

posle-restavr.-000.jpeg
Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгеннен кейін

Чапан Казыбек би после реставрации

posle-restavr.-001.jpg
Қазыбек бидің шапаны қалпына келтірілгеннен кейін

Чапан Казыбек би после реставрации

Қаздауысты Қазыбек бидің алтыншы ұрпағы, ҚР білім беру үздігі, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны Ахмадия Ығыбасұлы Сүлейменовтің мұрағатынан фото-суреттер.

bottom of page