top of page

Қазыбек би атындағы аудан

Жалпы, 1997 жылға дейін Қарағанды қаласында бес: Ленин, Совет, Киров, Октябрь және Железнодорожный аудандары болған. 1997 жылы Ленин және Совет аудандары біріктірілді. Содан кейін жаңа аудан «Совет» ауданы деп айдарланып келді. Ал, 2001 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Совет ауданы Қазыбек би атындағы аудан болып өзгерді.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы 2001 жылға дейін Совет ауданы аталды. Қарағанды қаласының оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлік. Сонымен бірге, шаһардың мәдени және іскерлік ауданы. Іргесі 1932 жылы қаланып, 1969 жылдары Совет ауданы аталды. 1987 жылы бұл ауданда 164,8 мың тұрғын тіркеліпті. Ауданда сол кезеңде 17 өнеркәсіп жұмыс істеп тұрды. Оның ішінде, ет комбинаты, кен-шахта жабдығын және кен-көлік жабдығын жөндеу зауыттары, аяқ киім фабрикасы болды. Сонымен қатар, 24 құрылыс ұйымы, 11 автокөлік кәсіпорны, ауданда 43 мектеп жасына дейінгі балалар ұйымы, 23 жалпы білім беретін мектеп, 4 мектеп-интернат, 7 жұмысшы жастар кешкі мектебі, 4 жоғары оқу орны (университет, педагогикалық институт, кооператив институты, СССР ішкі істер министрлігініің Жоғары мектебі), кен техникумы, есеп-кредит техникумы, медучилище, 9 орта кәсіптік-техникалық училище, 10 ғылыми зерттеу институты болды. Бұдан бөлек мәдени-сауық ұйымдары болды.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданында 273 300 тұрғын бар. Аудан аумағы 23,1 мың гектарды құрайды. Ауданда 42 медициналық мекеме, оның ішінде, 16 аурухана, 3 емхана, 4 амбулатория, 4 облыстық диспансер (онкологиялық, психоневрологиялық, наркологиялық, балалар психоневрологиялық) жұмыс істейді. 21 мәдени мекеме (3 театр, мәдениет үйі, 2 мұражай, 4 кітапхана, зообақ, цирк және тағы басқалары), сонымен бірге, көптеген жекеменшік нысандар орналасқан. 40 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 29 773 бала оқиды. Одан басқа 702 оқушыны қамтитын 6 жеке сектор бар. Ауданда мемлекеттік – 26, жеке меншік – 11 балабақша қызмет көрсетеді.

 

Әдебиеттер:

Қазыбек би ауданы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 326 б.

 

***

Айтжанова Қ. Қазыбек би ауданы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 17 тамыз (№ 91). - 5 б.

Қарағанды қаласының Совет ауданын Қазбек би атындағы аудан деп қайта атау туралы [Мәтін] / Қарағанды қаласының әкімдігі // Орталық Қазақстан. - 2001. - 14 наурыз №42. - 1 б.

Сексенұлы С. Қаздауысты Қазыбекке де қарсылар табылды // Орталық Қазақстан. - 2000. - 25 қараша.

Шатохина Т. Мақсат - жетістіктерді жетілдіру // Орталық Қазақстан. - 2016. - 21 қаңтар (№ 12/13). - 3 б.

Ысқақов Ж. Қазыбек би атындағы аудан күн сайын көркею үстінде // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. - 2011. - № 23. - 50 б.

bottom of page