top of page

Қазыбек би бабамыздың туғанына – 350 жыл толуына орай «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруен ұйымдастырылды.

Автокеруеннің мақсаты – Қаздауысты Қазыбек бидің рухына тағзым ету, сапар кезінде қала және елді мекендерде мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, бидің өмірі мен мемлекеттік саяси қызметін халық арасында кеңінен насихаттау.

Автокеруен 2017 жылдың 21 тамыз-30 тамыз аралығында Қарқаралы қаласынан басталған сапар, Егіндібұлақ ауылы – Қарқаралы қаласы – Ботақара кенті – Қарағанды қаласы – Атасу кенті– Жезқазған қаласы – Сәтбаев қаласы – Ұлытау ауданы – Қызылорда қаласы – Арыстан Баб кесенесі – Түркістан қаласы–Ташкент қаласы– Науаи қаласы– Шымкент қаласы – Тараз қаласы – Балқаш қаласы – Ақтоғай ауданы – Ақсу-Аюлы кенті – Қарағанды қаласында аяқталады. 7 автокөлікпен шыққан 28 адамнан тұратын автокеруен құрамына: танымал өнер және қоғам қайраткерлері, Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы, тарихшылар, жас ақындар, журналистер, дәстүрлі әншілер, күйшілер бар. Сонымен бірге Қарағанды облысының ресми делегациясының сапында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Омарбекова Рымбала, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Оспанқұлов Ғабидолла, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Құттыбай Мирас болды.

Мерейтойлық бағдарлама аясында облысқа көш түзеген бұл автокеруен елiмiздiң бүкiл қасиеттi орындарын аралап, Қызылорда облысындағы Қорқыт ата кешенi, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, көршi өзбек елiнiң Ташкент қаласында және Науаи облысында болып, Төле және Әйтеке билердiң әруағына тағзым етті.

Бұдан бөлек, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен жастар саясаты саласы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Әдебиеттер:

 

Кәрім Н. Арқадан - Науаиге дейін // Орталық Қазақстан. - 2017. - 19 тамыз (№ 92). - 1 б.

Мұсабеков Е. Ұлы дала төсінде - ұлы мұрат // Орталық Қазақстан. - 2017. - 24 тамыз (№ 94). - 1 б.

Қабидолдин Р. Арқадан автокеруен шығады // Орталық Қазақстан. - 2017. - 6 шілде (№ 74). - 2 б.

Мұсабеков Е. Бабалар жолы - бақыттың жолы // Орталық Қазақстан. - 2017. - 9 қыркүйек (№ 99). - 4 б.

Аманқұлов Қ. Оң сапардан - олжамен // Орталық Қазақстан. - 2017. - 5 қыркүйек (№ 97). - 1 б.

bottom of page