top of page
Поиск
Фото автораКОУНБ им.Н.В. Гоголя

«Мен суретшімін!»

Обновлено: 19 июл. 2019 г.

17 маусымда Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалар маусымы ашылды. Маусым-тамыз айларында кітапханада балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» жазғы демалыс бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаға сәйкес балалардың жасы мен қызығушылықтарына қарай құрылған 10 алаң бар. Ал кітапханаларды дамыту бөлімінің алаңы - «Мен суретшімін!» деп аталады. 15 шілдеде аталмыш алаң кезекті сабағын өткізді. Бұл алаңда қыздар мен ұлдарға арналған бояу-ойыны ұсынылды. Сабақ барысында балалар ертегі кейіпкерлерін бояды, ертегілердің/мультфильмдердің атауларын тауып жарысты, теледидардан бағдарламадағы ертегіні/мультфильмді көрді, «Ертегілер әлемінде қонақта» кітап көрмесімен танысты және суретшіге арналған кенепке сурет салды. Мұнда балалар әр ертегінің суретін кейіпкерлердің әдеттегі бейнелерін өзгертіп, өз қалаулары бойынша бояй алды, осылайша ертегі әлемінің тағы да бір қызықты жағын ашты. Бұл алаңның топтамасы «Күлшеқыз», «Етіктегі мысық», «Бауырсақ», «Шалқан», «Ақшақар», «Али Баба», «Алтын балық» және т.б. осылар секілді танымал ертегі кейіпкерлерінен құралды. Сабақ барысында «Күлшеқыз», «Ақшақар», «Микки Маус» ертегілерінің кейіпкерлеріне қыз балалардың сұраныстары көп болды. Ал ұл балалар «Көліктер», «Етіктегі мысық», «Алтын балық» «Фиксики», «Смешарики» және т.б. ертегі/мультфильм кейіпкерлерін сұрады.



Бұл алаңда «Ертегілер әлемінде қонақта» атты кітап көрмесі ұсынылды, егер сіз ертегі кейіпкерлері осында ұсынылған қандай да бір ертегіні балаларға әлі оқымасаңыз, келесі сабақтарда балалар ертегілерді оқып, суреттерді бояп екі қызықты істі үйлестіре алады. Осылай ертегі кейіпкерлерін бояу барысында балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерін және олардың қызықты оқиғаларын еске түсіреді. Іс-шара соңында балалар бояған суреттерін фотокөрмеге арнайы дайындалған тақтаға ілді.

Бұл ойындар балалардың шығармашылық әлеуетін барынша анықтайды. Балалар суретшінің құралдарымен жұмыс жасай отырып қол моторикасын дамытады және палитрадағы түстерді дұрыс таңдауды үйренеді.


5 просмотров0 комментариев

Comments


bottom of page