top of page
Поиск
  • Фото автораКОУНБ им.Н.В. Гоголя

Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!

Обновлено: 29 июн. 2022 г.

Биыл, Жазғы марафонды кітапханаларды дамыту бөлімі бірінші болып бастады. Олардың шығармашылық «Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!» алаңына «Азбука» балалар дамыту орталығының балалары үшін «Ақылдылар алаңы» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Викторина барысында балаларға «Мультфильмдер», «Әндер», «Сен білесің бе?» тақырыптарындағы рубрикаларды таңдау ұсынылды. Балалар барлық жасырылған сұрақтарға толыққанды жауап бере отырып, сұраққа қатысты қызықты фактілерді де айтып, тапқырлық танытты. Ойын соңында балалар би баттлына белсенді қатысып, әр қатысушы белсенділігі үшін тәтті сыйлықтарға ие болды. Балалар өз уақытын қызықты өткізіп жатқанда, тәрбиешілері кітап көрмелерімен танысты.

Одан әрі осы күні эстафетаны өнер туралы әдебиеттер бөлімі мен негізгі қорларды сақтау бөлімі қабылдады. «Әлем ғажайыптары» шығармашылық алаңында «Жол жүру ережелері» танымдық сабағы өткізілді. Осы тақырып бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалар жұмбақтар шешіп, көлік пен жол белгілері туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға жетондар берілді. Үздік нәтиже көрсетіп, ең көп жетон жинаған балаларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды және жол белгілері туралы «Үш мысық» сериясынан мультфильмді көріп тамашалады. Сабақ соңында барлығы бірге «Светофор» әнін караокемен орындады.



Тәрбиешілер жол қозғалысы ережелері туралы алғашқы білімдерін бекіткен балаларға арналған осындай танымдық сабақтардың сөзсіз пайдасын атап өтті.


Алаң жетекшілері: Карашова А. К.

Оспанкулова Б. З.

Бакзибекова А. Х.

2 просмотра0 комментариев

Недавние посты

Смотреть все
bottom of page