top of page
Поиск
Фото автораКОУНБ им.Н.В. Гоголя

Кітапханадағы жаз

11 шілде күні оқу залында «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы аясында «Кітапландия патшалығы» алаңында, балаларға арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» онлайн ертегі айдары өтіп, «Бір үзім нан» ертегісі ұсынылды. Ертегі бойынша арнайы дауыстап оқу жазылып, бейнешолу дайындалды. Мақсаты: балаларды кітап оқуға баулу және кітапханамен таныстыру.

Балалар ертегілер әлеміне қызықты саяхат жасап, түрлі сауалнамалар мен қызықты ойындарға қатысты. Ертегі - ең қасиетті ас, дастарханның басты тағамы, халқымыздың қастерлісі «бір үзім нан» жайлы еді. Зейінді балаларға «ертегінің берер ғибраты қандай?» деген сауал қойылды. Әркім өз түйгенін жауап бере отыра, халқымыздың «алтын күміс тас екен, арпа бидай ас екен» деген мақалдың мәнін анық түсінгендей еді. Қиыншылық кездері де бір үзім нан көптеген жандардың жанына жалау болып, өмірін үзбеуге себеп болған. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, өткен сабақ жайлы өз пікірлерін білдірді. «Не білемін», «Не білгім келеді» және сабақтан «Не үйрендім?» айдарында өз түйгендерін жазған болатын. Дәл осы айдар бойынша, кері байланыс жасалып, сабақ керемет көңіл-күймен қорытындыланды. Тапсырмаларды орындап, викториналық сұрақтарға жауап берген оқушылар сыйлықтарға қол жеткізе алды.

Сонымен қатар, «Үйрен де жирен» алаңында «Шиден дөңгелек жасау» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Қолөнер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында алдымен құрастыруға көмекші құралды картоннан кесіп жасап алуымыз керек. Ол үшін дәптер, жақсы ұшталған карандаш, сызғыш, және циркуль керек. Циркульдің көмегімен керекті шеңберді сызып алып 14 бөліктен тұратын доңғалақты бізбен тесіп, шаблонды дайындап алып, шеңберге бірінен соң бірін шилерді қадаймыз. шарада балалар сіріңкенің шилерінен еш желімсіз құрастырылған дөңгелекке қызығып жұмыс жасау тәсілдерін үйренді.




3 просмотра0 комментариев

Comments


bottom of page