top of page

ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері баланың бос уақытын толтырып, жаңа білім алуға, шығармашылық қиялдарға ерік беріп, білмегенді білуге, сүйікті журналдарын парақтауға көмектеседі. Біз әртүрлі жастағы балаларды кітапханада бос уақытын ерекше, қызықты әрі тиімді өткізуге шақырамыз.

Балақайлар, сендер үшін бос уақыттарыңның қызықты ғана емес, пайдалы өтуіне бағытталған әдеби саяхаттар, кітаптарды талқылау, әңгімелер, викториналар, ойындар өткізіледі. Жазғы демалыс уақытында біздің кітапхана балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» жазғы бағдарламасын іске қосады.

Сендер үшін сурет салуды, өз қолдарыңмен заттар әзірлеуге, ашық хаттар жасауға, оюлар өрнектеп қиюға үйрететін шығармашылық алаңдар жұмыс жасайды, сондай-ақ ойын түрінде ағылшын тілін үйренуге үлкен мүмкіндік бар.

Сендер Қиял әлеміне қызықты саяхат жасап, халық ертегілерінің сиқырлы әлеміне еніп, байқаулар мен викториналар арқылы өз білімдеріңді тексере аласыңдар.

Биылғы жылы алғаш рет «Негештің алаңқайы» атты шығармашылық алаңы ұйымдастырылып, сендер осы алаңнан адам мен табиғаттың құпиясын біле аласыңдар.

Ерекше сабақтарды кітапханашылар жүргізеді. Еріктілермен жұмыс істеуді қуанышпен қолдаймыз.

bottom of page