10 шілде «Театралды демалыс» шығармашылық алаңында Ағайынды Гриммдер ертегісі «Розочка мен Беляночка» көрерменге ұсынылды. Саяхатымыздың сүйкімді қонақтары «Азбука» балалар орталығынан келген 5-7 жас аралығындағы 20 шақты бүлдіршіндер және жетекшілері Киреева О., Мохрачева Н. болды. Қонақ жай бөлімінің төрінен орын алған ертегілер әлемінде Розочка болып киінген кітапханашылар Исина Айжан Қапатайқызы және Беляночка Дроздова Татьяна Анатольевна бүлдіршіндерді үлкен ықыласпен қарсы алды. Бұл ертегіде Розочка жақсы оқитын қыз, ал Беляночка жаман оқитын қыз. Розочка кітапты көп оқыған адамның білімі жоғары десе, Беляночка керісінше кітапты көп оқитын бала жаман деп айтыса кетеді. Беляночка осылай айтыса тұрып оқушылардың білімін тексермекке ертегілерге байланысты жұмбақтар жасырады. Әрі қарай оқушылар сиқырлы сандықтан шыққан маскаларды киіп «Шалқан» ертегісінің қойылымын сахналап берді.
Ортаға алтын кілтті жоғалтып алған Мальвина мен Буратино шығады. Олар бүлдіршіндерден көмек сұрайды. Олардың кілтін табу үшін балалар ертегі кейіпкерін қай кітаптан екенін табу керек. Сонда алтын кілт табылады. Алтын кілт табылған соң, қуанған балалар Буратино және Мальвинамен «Мені ұстап ал» ойынын ойнады. Онда айдаһардың басы болып тізілген балалар құйрығы болып тізілген балаларды ұстап алулары керек. Қойылымның мақсаты бүлдіршіндерді өз ойының иесі болуға, білімдерін жетілдіріп, адал, шыншыл, ержүрек болуға үйрету. Шексіз қуанышқа бөленген бүлдіршіндер алғыстарын айтты.
Братья Гримм ертегісі «Розочка мен Беляночка»
10 шілде «Театралды демалыс» шығармашылық алаңында Ағайынды Гриммдер ертегісі «Розочка мен Беляночка» көрерменге ұсынылды. Саяхатымыздың сүйкімді қонақтары «Азбука» балалар орталығынан келген 5-7 жас аралығындағы 20 шақты бүлдіршіндер және жетекшілері Киреева О., Мохрачева Н. болды. Қонақ жай бөлімінің төрінен орын алған ертегілер әлемінде Розочка болып киінген кітапханашылар Исина Айжан Қапатайқызы және Беляночка Дроздова Татьяна Анатольевна бүлдіршіндерді үлкен ықыласпен қарсы алды. Бұл ертегіде Розочка жақсы оқитын қыз, ал Беляночка жаман оқитын қыз. Розочка кітапты көп оқыған адамның білімі жоғары десе, Беляночка керісінше кітапты көп оқитын бала жаман деп айтыса кетеді. Беляночка осылай айтыса тұрып оқушылардың білімін тексермекке ертегілерге байланысты жұмбақтар жасырады. Әрі қарай оқушылар сиқырлы сандықтан шыққан маскаларды киіп «Шалқан» ертегісінің қойылымын сахналап берді. Ортаға алтын кілтті жоғалтып алған Мальвина мен Буратино шығады. Олар бүлдіршіндерден көмек сұрайды. Олардың кілтін табу үшін балалар ертегі кейіпкерін қай кітаптан екенін табу керек. Сонда алтын кілт табылады. Алтын кілт табылған соң, қуанған балалар Буратино және Мальвинамен «Мені ұстап ал» ойынын ойнады. Онда айдаһардың басы болып тізілген балалар құйрығы болып тізілген балаларды ұстап алулары керек. Қойылымның мақсаты бүлдіршіндерді өз ойының иесі болуға, білімдерін жетілдіріп, адал, шыншыл, ержүрек болуға үйрету. Шексіз қуанышқа бөленген бүлдіршіндер алғыстарын айтты.
Исина А.К. мерзімді
басылымдар бөлімінің
кітапханашысы
Comentários