top of page
Поиск
Фото автораКОУНБ им.Н.В. Гоголя

«Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері»

3 шілде орыс жазушысы А. Толстойдың «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» ертегісінің желісі бойынша қызықты саяхат ұйымдастырылды.






Бұл қойылымға №3, №38 мектеп жанындағы лагерьден 38 оқырман қатысты. Саяхатымызды Мальвина болып киінген кітапханашы Исина Айжан Қапатайқызы ашты. Ортаға Буратино досын кітапханашы Дроздова Татьяна Анатольевнаны шақырды. Кітапханаға келіп кітап оқуға құлқы жоқ Буратино балаларды кітап оқымауға, одан да далада ойнауға, компьютер ойындарымен уақыт өткізуге үгіттеді. Буратиноның айтқанына келіспеген оқушылар Буратиноның қойған сұрақтарына жауап беріп, білімдерін көрсетті және сиқырлы сандықтан шыққан маскаларды киіп «Шалқан» ертегісін сахналап берді. Буратиноның жақсы балалар қатарына қосылғанын қаламаған қу түлкі, кітапханашы Тусупбаева Мақпал шығып Буратиноны алдап алып кетті. Түлкі кетерінде оқушыларға аяқ іздерін қалдырды, іздердің келесі бетінде ойлау қабілетін арттыратын сұрақтар болды. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар алтын кілтті тауып алып, Буратиноны құтқарды. «Білімді мыңды жығар» дегенді оқушылар тағы да дәлелдеді. Қойылым соңында «Мені ұстап ал» қытай ойыны ойнатылды. Онда айдаһардың басы болып тізілген балалар құйрығы болып тізілген балаларды ұстап алулары керек. Қойылымның мақсаты оқушыларды өз ойының иесі болуға, білімдерін жетілдіріп, адал, шыншыл, ержүрек болуға үйрету.

Исина А.К. мерзімді

басылымдар бөлімінің

кітапханашысы




1 просмотр0 комментариев

Comments


bottom of page