
АУДАРМА

Гарсиа Маркес Г. Жүз жылдық жалғыздық: роман / Гарсиа Маркес, Габриэль; [ауд. К. Юсуп], ҚР ақпарат министрлігі - Астана : Аударма, 2004 . - 472 б., сурет. .– (Нобель сыйлығының лауреаттары).

Ремарк Э. М. Аманат өмір: повесть / ауд. Б. Әдетов // Бёлль Г. Катарина Блюмнің арынан айырылуы. Балалық шақта жеген нан : повестер; Борхерт В. Жабық есік алдындағы жалғыз: әңгімелер. - Астана : Аударма, 2010. - 520 б.

Роулиң Ж. К. Хәрри Поттер мен жасырын бөлме: [әңгімелер : 6+] / Ж. К. Роулиң; ағылшын тіл. ауд.: Д. Мәзен. - Алматы : Steppe&World, 2020. - 321 б.
Хәрри Поттер - Ұлыбританиялық жазушы Жоан Роулиң жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы. Кітапта Хогуартс сиқыр мектебінің оқушысы Хәрри Поттер мен оның достары Роналд Уизли мен Хәрмиона Грейнджердің бастан кешкен оқиғалары туралы баяндалады.
Бүкіл әлем білетін бестселлер кітап 80 тілге аударылып, жарық көрген. Ал, елімізде бұл кітапты 2020 жылдан бастап «Steppe & WORLD Publishing» баспасы қазақ тіліне аудара бастады. Бүгінгі таңда қазақ тілінде «Хәрри Поттер» топтамасының 3 томы жарық көрген.
Биылғы, 2021 жылы «Бір ел – бір кітап» «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани-мәдени акциясының шешімімен «Хәрри Поттер» сериясының «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» атты екінші кітабы таңдалды. Бұл екінші кітапта оқырманға жақсы таныс кейіпкерлер Хәрри, Роналд және Хәрмиона Хогуартс сиқыр мектебіндегі әлдебір тылсым «Мұрагердің» оқушыларға жасаған шабуылын зерттейді.
Динара Мәзеннің 2020 жылы қазақшаға аударуымен басылған «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабын кітапханамыздың қорынан таба аласыздар.


Памук О. Менің атым Қырмызы : роман / О. Памук; түрік тілінен ауд. А. Құрмет. - Астана : Фолиант, 2017. - 632 б.
Түріктің белгілі қаламгері, «Нобель сыйлығының иегері» Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы» романында сопылық тариқаттар, көркем жазу, миниатюра, кітап безендіру, сәулет өнерінің мұсылман жұртшылығына тән ерекшеліктері, сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірі жайындағы хикаяттар берілген. Жазушы отырықшы түркілер мен көшпенділердің дүниетанымындағы айырмашылықты сурет өнерін сипаттай отырып, әдемі баяндайды.
Бұл шығарма ең көп тілге аударылған және модерн әдебиет тарихындағы әлемде ең көп оқылған кітап. О.Памуктың өзі бұл шығармасына: «Ең әдемі әрі ең жақсы романым»,- деп баға берген.
«Менің атым Қырмызы» шығармасын Аманкелді Құрметтің қазақ тіліне аударған нұсқасын кітапханамыздың қорынан таба аласыздар.


Халид Х. «Жарқыраған мың күн» / ауд. Меллат Т. - Астана: Фолиант
Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» кітабы. Қазақ тіліне аударған – халықаралық, республикалық жыр додаларының жүлдегері, ақын Төлеген Меллат.
Роман соңғы жарты ғасырда әлем назарын өзіне жиі аударған Ауған елінің ашық та тұңғиық өмір шындығын, тыныс-тіршілігін боямасыз бейнелейді. Соғыс өрті толастамаған, қараңғылық пен надандық үстемдік құрған қоғамдағы адам тағдыры мен әйелдер өмірін, махаббаттың мұң-наласын айшықты тілмен анық жеткізеді.
Шығарманың негізгі оқиғасы Ауғанстандағы 20-ғасырдың екінші жартысындағы азаматтық соғыс төңірегінде өрбиді. Автор соғысты бізге әйелдер және аналар көзімен көрсетеді. Халед Хосейни шығыс мемлекетінің тұрмыс-тіршілігімен, тұрғындарының тағдырымен таныстырады. Адамдарының армандары мен қорқыныштарын, үміттері мен қасіретін баяндайды. Мінездері мен әлеуметтік жағдайлары әртүрлі, қасіреті мен мұңы бір екі әйелдің тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Мәриям – бай кәсіпкердің 15 жасында күштеп тұрмысқа шығарылған некесіз қызы. Лейлә – зиялы отбасында дүниеге келіп, жоғарғы білім алуды армандаған бақытты қыз. Соғыс атты зұлым күш екі тағдырды бір арнаға тоғыстырады. Ортақ қасірет негізінде құрылған достық та бар. Соғыс азаптарымен бірге, отбасындағы зорлық-зомбылық, мұсылман әйелдерінің құқықтары мен бостандықтары тақырыбы қозғалады.
Бұл кітап әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, оқырманның ыстық ықыласына бөленген.
