top of page
заставка на витруальную тем.полку.jpg

Алғы сөз

        «Бір ел - бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кең таралған.

 Республикалық акция оқырмандар арасында өз орнын тауып, елімізде 2007 жылдан бастап Ұлттық академиялық кітапхана мен Қазақстан Республикасы Кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен өткізілуде. 2007 жылы Астана қаласында «Оқитын ел -бәсекеге қабілетті қоғам негізі»тақырыбымен тұңғыш рет Халықаралық Оқу Конгрессі өтті. Аталған форум аясында акциясы ұйымдастырылған болатын. Осы жобаның аясында ең алғаш рет 2007 жылы бүкіл Қазақстан халқы Ұлы ақын Абайдың «Қара сөздері» кітабын оқыды.

       2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жыл кітаптары үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығына бағытталған «отыз жылдыққа - отыз кітап» деп таңдалды.

         Аталған акция 5 бағытты қамтиды. Олар: Поэзия, Проза, Драматургия, Балалар әдебиеті, Аудармалар.

      Ұсынылып отырған виртуалды көрме осы бес бағыт бойынша таңдалған әдебиеттердің тізімімен танысуға және отандық көркем шығармаларды, поэзияны, заманауи әдебиеттерді электронды форматта оқуға мүмкіндік береді.

bottom of page