top of page

Алғы сөз

 

          Қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы Әсет Найманбайұлының туғанына биыл 155 жыл толып отыр.

Әсет Найманбаев – қазақ мәдениетіне өзіндік үлес қосқан, елеулі із тастаған ақындарымыздың бірі. Тамаша әндері мен өлең-жырлары, айтыс-қағыстары мен қисса- дастандары халқымыздың рухани кәдесіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде ауысумен келеді

         Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып, эпикалық қисса – дастандармен, әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген, халық арасынан шыққан асқан дарын иесі, ақын, әнші әрі сазгер Әсет Найманбайұлының шығармашылығы ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Ұлы әнші, сазгердің шығармашылығынан бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс.

           Осыған орай назарларыңызға «Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын...» атты виртуалды кітап көрмені ұсынамыз.

Көрменің мақсаты: ақынның туған халқына, әдебиетіне сіңірген еңбегін таныту, оны кейінгі ұрпаққа паш ету, ол өмір сүрген қоғамдық орта арқылы әуезді әндерін танып білу.

           Виртуалды көрмеден Әсет Найманбайұлын жан-жақты кешенді зерттеуде өзіндік үлес қосып жүрген ғалымдардың, ақын-жазушылардың, өлкетанушылардың сонымен бірге көпшілікке кеңінен насихаттау бағытында үлкен жұмыс жүргізіп жүрген жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының еңбектерімен таныса аласыздар.

         Виртуалды кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады: «Өмірбаян», «Ақын, сазгер, әнші», «Әсеттің айтыс мұрасы», «Әсет әуенінің әлемі».

         Көрмеде кітапхана қорындағы Ә.Найманбайұлы жайында мақалалар, зерттеулер жинақталған, кейбір мақалалардың толық мәтіні берілген және әлеуметтік желідегі ауқымды қамтылған барлық мәліметтердің сілтемелері жасалған. Бұл материалдар арқылы оқырманның аса құнды мәліметтер ала алатындығы даусыз.

       Әсет Найманбайұлы туралы қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қажетті ақпараттарды виртуалды кітап көрмеден таба алады деген ойдамыз. Мұнда орналастырылған мәліметтер әрдайым жаңа деректермен толықтырылып отырады.

bottom of page