top of page

Ұлы Жеңіске – 80 жыл

Подкаст қонағы - тарих ғылымдарының докторы, профессор Зауре Ғалымжанқызы Сақтағанова.

Сіздердің назарларыңызға тарихымыздың аса маңызды беттерінің бірі - Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қатысуына арналған арнайы шығарылымды ұсынамыз.
Подкаста ол Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылда ерен ерлік пен жанқиярлық танытып, Жеңіске қомақты үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі туралы әңгімелейді.

Түлкілітаудың аспаны

Қонақ: Тілеубай Төлен журналист-публицист, әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты.

Біздің кезекті подкастымыздың қонағы – белгілі журналист-публицист, медиа зерттеуші, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері Төлен Тілеубай.

Сұхбат барысында қаламгер өзінің шығармашылық жолы мен өмірлік ұстанымдары жайында әңгімелеп, жуырда жарық көрген жаңа кітабының мазмұны, жазу стилі мен идеялық мәні туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, балалар әдебиетіне бет бұруға қатысты жоспарларымен бөлісіп, бұл саладағы өзекті мәселелерді де қозғалды.

Кітап сүйер қауымына қосыл!

Қонақ: Шынар Дәуренбекқызы Е.Бөкетов атын. Қарағанды зерттеу университетінің филология факультеті журналистика кафедрасының оқытушысы, «Ар ойла» кітап талдау клубының және «Қисса» үйірмесінің жетекшісі

Құрметті оқырмандар!

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай жарияланған кітап апталығы аясында «Эфирде кітапхана» рубрикасының кезекті шығарылымы «Кітапсүйер қауымына қосыл!» атты подкаст ұйымдастырылды.

Бүгінгі кітапханалық подкастымыздың арнайы қонағы — «Қисса» үйірмесінің және «Ар ойла» кітап талдау клубының жетекшісі, ұстаз Шынар Дәуренбекқызы.
Подкаст барысында Шынар ханым баланың рухани тәрбиесі, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарының тәрбиелік мәні, кітаптың адамға әсері, сондай-ақ заманауи технологиялардың бала санасына ықпалы туралы тұшымды ойларымен бөлісті.
Егер сіз бала тәрбиесіне, рухани даму мен кітаптың күші жайлы ой толғауды ұнатсаңыз — бұл шығарылым дәл сізге арналған!

Книги, которые меняют жизнь:
личные истории читателей

Қонақ: QS мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейбитова Арайлым

Адам өмірін өзгертетін кітаптар болады. Тек кітапты оқығаннан кейін қазіргі өмірге деген көзқарасың толығымен өзгереді, себебі кітап ішіндегі құнды идеяларымен сені баяғы қалпыңда қалдырмайды. Кітаптар адамның өміріне әсер етіп, көзқарасын өзгертетін күшке ие. Олар бізге жаңа мүмкіндіктер ашып, сенімділік береді.

Бүгінгі постта қонағымыз өмір жайлы бір рет ой елегінен өткізуге, дүниетанымын өзгертуге мүмкіндік беретін кітаптар жайлы әңгімелейді.

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің төресі

Қонақта тарихшы, этнопедагог, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ұлт құндылықтарын насихаттаушы, «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің директоры Шәкен Тұрар Сәттарқызы

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің төресі» тақырыбындағы подкастымызды ұсынамыз!

Болмысы бөлек тұлға

Қонақ: Смағұлов Жандос Қожахметұлы филология ғылымдарының докторы. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің профессоры

Сіздерді қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай «Сәбит Мұқанов – болмысы бөлек тұлға» атты подкастымызды тамашалауға шақырамыз.

Бөкетовтың биігі

Қонақта ҚР мәдениет қайраткері, ф.ғ.д., профессор Қойлыбай Асанов

Металлург, Қаз.ССР ҒА-ның академигі, техника ғылымының докторы, профессор, СССР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Евней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 100 жыл.

Ел еркесі – ер Мәди

Қонақта ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы, журналист, драматург-Ермек Балташұлы.

Мәдидің мәңгі өлмес мұрасы, күрескер рухы қазіргі жастардың ұлтшыл мінезін қалыптастыруға жол ашатыны анық. Сіздердің назарларыңызға «Ел еркесі – ер Мәди» атты подкастын ұсынамыз!

Қазақ әдебиетінің алдаспаны

Қатысушылар: Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы

1. Махаббат Дүйсен – Ресурстық тіл орталығының оқытушысы

2. Дана Бақытқызы – Ресурстық тіл орталығының оқытушысы

Подкаст тақырыбы: «Қазақ әдебиетінің алдаспаны»
(М.Мағауиннің 85-жылдығына орай қаламгердің шығармашылығын насихаттауға арналған подкаст) 

Гендерлік саясат туралы не білеміз

Спикер: Қонақта педагог - зерттеуші Дауылбаева Сая Толеугабыловна.

 Гендерлік саясаттың маңыздылығы мен қоғамдағы рөлі туралы, сондай-ақ, ер мен әйелдің отбасылық жағдайларындағы рөлдері туралы сөз қозғалды.

Кітап оқу мәдениеті

Спикерлер: 

1. Алмаз Мырзахмет  - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы

2. Серік Сағынтай – Жазушы, ақын, республикалық «Қасым» журналының Бас редакторы

3. Ерзат Ермағанбетов  - прозаик, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіздерді «Кітап оқу мәдениеті» атты жаңа подкастымызды тамашалауға шақырамыз.
Подкаст барысында қатысушылар кітап оқудың маңыздылығы, оқырмандық мәдениеттің қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары туралы өз ойларымен бөліседі. Сондай-ақ, жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру тәсілдері мен әдебиетке қатысты өзекті мәселелер талқыланады.
Әдебиетке қызығатын барлық тыңдармандараға осы мазмұнды әңгіменің берері мол екені сөзсіз.

  • Instagram
  • Facebook
  • TikTok
  • Youtube

© 2025, Қарағанды ОӘҒК

bottom of page