top of page
Боранбаев К.jpg

Қабыл Боранбаев

     Қабыл Боранбаев 1915 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында (қазіргі Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жаңақала ауылы) кедей шаруа отбасында туған. Ол мектеп есігін тұңғыш рет 1928 жылы ашқан. 1932 жылы колхоз жастары мектебінің 4 сыныбын бітіріп, қазақстандық жастар одағының мүшесі болып Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің жолдамасымен Қарағанды көмір өндірісіне жіберілген. 1932-1933 жылдары Қарағандыдағы №3 шахтада еңбек етті. 1936-1943 жылдары Қарағанды облысында, балқаш қаласында мектеп мұғалімі, директоры, Түркістан педучилищесінде директордың орынбасары, 1946-1952 жылдары ҚазТАГ-та редактор, «Пионер» журналында редактордың орынбасары, 1952 жылдан ұстаздық қызметте болды.

    Өлеңдері республикалық баспасөзде 1937 жылдан бастап жарияланып, алғашқы жинағы «Дәурен» 1949 жылы жарық көрді. Кейін «балалар шаттығы» (1949), «Ант» (1950), «Достар отряды»,(1955), «тапқыр бала» (1971), «Дән дария» (1977), т.б. өлең кітаптары шықты.

  Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, К.М.Симоновтың, Ғ.Ғұламаның жекелеген өлеңдерін, И.Василенконың «Жұлдызша» повесін аударған.

Әдебиеттер тізімі

Қ.Боранбаевтың шығармалары:

 

Боранбаев Қ. Алтын күз. - Алматы : Жазушы, 1988. - 148 б.

Боранбаев Қ. Ант: Өлеңдер жинағы.- Алматы, 1949.- 52 б.

Боранбаев Қ. Дәурен: Өлеңдер жинағы.- Алматы: ҚМКӘБ, 1950.- 61 б.

Боранбаев Қ. Дос отряды: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1955.- 74 б.

Боранбаев Қ. Жаңарған жазық. - Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. - 92 б.

Боранбаев Қ. Тапқыр бала. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған.- Алматы: Жазушы, 1971.- 16 б.

 

***

Боранбаев Қ. Бейбітшілік жеңеді // Лениншіл жас. - 1950. - 5 июль (№ 78). - 3 б.

Боранбаев Қ. Деп білемін // Әдебиет және искусство. - 1948. - № 8. - 35 б.

Боранбаев Қ. Досыма // Әдебиет және искусство. - 1948. - № 2. - 71 б.

Боранбаев Қ. Еңбек – мақаббат // Лениншіл жас. - 1947. - 23 июль (№ 56). - 3 б.

Боранбаев Қ. Ертеңі бір ертегі // Советтік Қарағанды. - 1962. - 29 август - 3 б.

Боранбаев Қ. Жеңіс жолы // Әдебиет және искусство. - 1948. - № 5. - 28 б.

Боранбаев Қ. Жылқышы // Лениншіл жас. - 1948. - 18 сент. (№ 74). - 4 б.

Боранбаев Қ. Жылқышы // Социалистік Қазақстан. - 1949. - 10 май (№ 90). - 4 б.

Боранбаев Қ. Келді сынақ // Лениншіл жас. - 1947. - 21 май (№ 38). - 3 б.

Боранбаев Қ. Ленин тірі // Әдебиет және искусство. - 1950. - № 1. - 4 б.

Боранбаев Қ. Сыр // Әдебиет және искусство. - 1949. - № 2. - 40 б.

 

Қ.Боранбаевтың шығармашылығы туралы:

Әдеби Қарағанды: библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова. - Қарағанды : б.ж., 2000. - 89 б.

Балалар бағының бағбандары: анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы. - Алматы: Балалар әдебиеті, 2008. - 293 б.

Боранбаев Қабыл // Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 100 б.

Боранбаев Қабыл // Қазақстан жазушылары: анықтамалық : 75 жыл / құраст. С. Қамшыгер. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - 105 б.

Боранбаев Қабыл // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 137 б.

Боранбаев Қабыл // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 189-190 б. 

Қабыл Боранбаев // Орталық Қазақстанның жазушылары: методикалық - библиографиялық материалдар. - Қарағанды: [б. и.], 1973. – 17 б.

 

***

Айнабеков М. «Отырсам еңбекші елдің ортасында» // Орт.Қазақстан.- 1985.- 3 тамыз

Асқарова М Жас дәуренді жырлады // Орталық Қазақстан. - 2005. - 1 қыркүйек. - 16 б., Сарыарқа. - Ботақара. - 2005. - 25 маусым

Әлімбай М. Қазақы қалжыңның қырғиы // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 13 тамыз.

Жанғожин А. Ардақтады ақынын туған жері // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қаңтар. - 8  б.

Исмаилов Т. Қ. Боранбаевтың өлеңдер жинағы // Социалистік Қазақстан. - 1950. - 27 окт. (№ 242). - 3 б.

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық...» // Сарыарқа. - Ботақара. - 2005. - 16 шілде

Мамалинова А. "Ел ақынын ұлықтады" // Сарыарқа. - Ботақара. - 2011. - 22 қазан (№ 42). - 10 б.

Нәрешұлы Р. Жаны жайсаң жан еді // Орталық Қазақстан.- 1995.- 5 қыркүйек

Нәрешұлы Р. Жас дәуренді жырлаған // Орталық Қазақстан.- 1995.- 21 қараша, Сарыарқа.- 1995.- 21, 28 қазан, 4, 11 қараша

Рауандин Е. Жүрегі ыстық - жасынан // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қаңтар. - 8  б.

Спатайұлы Қ. Дүркілдеді Арқада Қабыл тойы // Сарыарқа.- 1995.- 21 қазан

Темірбаев А. Халықпен бірге мәңгі жасайды // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қаңтар. - 9 б.

Түспекова Г. Мерейтой иесі-80 жаста // Сарыарқа.- 1995.- 2 қырк.

Шаймұханов Д. Балғындар жүрегіне жол тапқан // Орталық Қазақстан. - 2006. - 21 қаңтар. - 9  б.

bottom of page