Алғы сөз
Ақын, журналист, сазгер Дәулет Ырысбайұлының туғанына биыл 60 жыл толып отыр.
Дәулет Ырысбайұлы – қазақ журналистикасына өзіндік үлес қосқан, елеулі із тастаған ақындарымыздың бірі. Тамаша әндері мен өлең-жырлары, драмалық шығармалары халқымыздың рухани кәдесіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетері сөзсіз.
Ақын, сазгер, драматург, ұстаз, аудармашы, сатирик, яғни сегіз қырлы, бір сырлы дарын.
Қасиетті ұлы даладан қуат алып, лирикалық өлеңдерімен, драмаларымен, әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген, ақын әрі сазгер Дәулет Ырысбайұлының шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі лирика жанрындағы дара құбылыс. Ақын, сазгердің шығармашылығы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Осыған орай назарларыңызға «Қараша ғұмыр – қара өлең» атты виртуалды кітап көрмені ұсынамыз.
Көрменің мақсаты: ақынның туған халқына, әдебиетіне сіңірген еңбегін таныту, оны кейінгі ұрпаққа паш ету, ол өмір сүрген орта арқылы әуезді әндерін танып білу.
Виртуалды кітап көрмесі «Көксерек - ғұмыр», «Ғұмырымның тамшысы», «Қарағанды менің қалам...» атты 3 бөлімнен құрастырылды. Яғни, оқырман қауым ақынның кітаптары мен мерзімді басылым бетінде жарық көрген шығармаларымен танысып, оның сөзіне жазылған әндерін тыңдай алады.
Дәулет Ырысбайұлы туралы қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қажетті ақпараттарды виртуалды кітап көрмеден таба алады деген ойдамыз. Мұнда орналастырылған мәліметтер әрдайым жаңа деректермен толықтырылып отырады.
Көксерек - ғұмыр
Дәулет Ырысбайұлы
Дәулет Рысбайұлы Сәтібеков 1964 жылы 14 қарашада Қарағанды облысының Шет ауданы, Кеншоқы ауылында дүниеге келген. Осындағы орта мектепті бітіреді.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Журналистік жолын облыстық жастар басылымында бастайды («Замандас-Современник», «Сана» газеттерінде). Одан кейін облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне ауысып, қалам қарымын танытады. Кейін облыстық телерадиокомпанияда қызмет етеді. Өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысады.
Оның өлең-жырлары облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрды. Поэзиялық шығармалары «Шет өңірі ақындарының антологиясына», Қ.Аманжоловтың 90 жылдығына орай шыққан 4 томдық жинаққа енген.
2000 жылы «Ғұмырымның тамшысы», 2005 жылы «Нұр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2014 жылы «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдыққа да жырлары енген.
Дәулет Ырысбайұлы «Қарағанды вальсі» сынды әуезді әнімен Мәди Бәпиұлына өміріне арналған «Азаттықты аңсаған ақиық ақын» атты 8 бөлімді драмасының, «Құмырадағы махаббат» сахналық көріністің авторы.
2006 жылы 13 наурызда 42 жасына қараған шағында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.
Д.Ырысбайұлы 1964 жылы қарашаның 14-ші жұлдызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Нұра орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданады. 1982 жылы мектепті аяқтап, 1983 жылы көктемде әскерге алынады. Украинаның Запорожье қаласында Отан алдындағы әскери міндетін атқарады.
Әскери борышын өтегеннен кейін, Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Студенттік шақтағы шығармашылығын шыңдауға зиялы ортаның әсері де тиеді. Студент кезінде өнерге құлшыныс білдіріп, өлеңдерін оқып, мүшайраларға қатысуымен қатар айтыстардан айтулы салдарымен де көріне біледі. Осы оқудың жанынан құрылған «Балауса» орталығында ақындық өнерін шыңдай түседі. Ең алғашқы еңбек жолын мектепте ұстаздық етумен бастап, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде, телерадиокомпанияда қызмет атқарады. 1988 жылы шаңырақ көтереді. Жарының есімі – Мереке.
Өлеңдері «Шет өңірі ақындарының антологиясында», Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына орай шыққан 4 томдық жинаққа енген. 2000 жылы «Ғұмырымның тамшысы» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2005 жылы «Нұр» кітабы да жыр сүйер қауымның жанынан орын тапты. Ақындығымен қатар аудармашылық, журналистік қабілеттері де өз белестерінен көрінді. Композиторлық еңбектерін «Қарағанды жастары», «Достарым», «Нұраның нұры», «Сен деп соққан жүрегім» (әні: Ерслан Жақыпханов), «Өзің» (әні: Қалиасқар Шыныбектегі), «Жалын-Жаным» (әні: Сайраш Орақбаева), «Туған жер» (әні: Қайрат Мұстафин) ел аузына таралды. Жамағаттың жүрегінен орын алған «Қарағанды вальсі» (әні: Д.Ырысбайұлы) көпшіліктің сүйікті әніне айналды.
Сонымен қатар, әзілді де сәнге айналдырып жүретін ақынның біршама әзіл әңгімелерін Қарағанды қаласында құрылған «Қисық театр» әзіл-сықақ отауының қойылымдарында көрсетілген.
Дәулет Ырысбайұлы 2006 жылы наурыз айының 13-ші жұлдызында 42 жасында өмірден өтті. Артында жары, екі қызы, бір ұлы және өлеңдері мен елі сүйіп тыңдайтын әндері қалды.
Ақын –сазгер
ӘДЕБИЕТТЕР:
Сәтібеков Д. Шығармалары: [жинақ] // Қ. Асанұлы; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. – 157-368 б.
Ырысбайұлы Д. Ғұмырымның тамшысы: өлеңдер жинағы. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2000. - 97 б.
Ырысбайұлы Д. Нұр: өлеңдер, драмалық поэма.-Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005.-200 б.
***
Рысбайұлы Д. Дала // Азия Транзит. - 2001. - N10.-43 б.
Рысбайұлы Д. Жаhанды жаңадан ашса ғой // Орталық Қазақстан. - 2000. - 3 маусым.
Рысбайұлы Д. Өмір // Орталық Қазақстан. - 1993. - 6 тамыз (№ 136). - 4 б.
Сәтібеков Д. Қалғып кетпе, немесе екінші рет оятпа // Қарағанды жастары. - 1990. - 20 шілде (№ 28). - 4 б.
Ырысбайұлы Д. 1986 жыл. Желтоқсан // Сана. - 2000. - 14 желт. (N47).-1 б.
Ырысбайұлы Д. Арқадағы арқар-тағдыр... // Азия транзит. - 2007. - № 1/2. - 56-61 б.
Ырысбайұлы Д. Ару күндер бара жатыр аяңдап // Жұлдыз. - 2002 . - №6. - 120-122 б.
Ырысбайұлы Д. Аюлыда ардақты бір күйші барды мұңлы // Сана. - 2000. - 30 қараша (N45).-5 б.
Ырысбайұлы Д. Балама: өлеңдер // Орталық Қазақстан. - 2002. - 22 мамыр.
Ырысбайұлы Д. Бешу қыз // Қасым. - 2012. - № 2. - 153 б.
Ырысбайұлы Д. Ғашықтық ғазалдары // Жаклин. - 2004. - №4. - 18-21 б.
Ырысбайұлы Д. Дос // Орталық Қазақстан. - 2019. - 29 тамыз (№ 95). - 8 б.
Ырысбайұлы Д. Қара Жер ғажап, Көк Аспан // Орталық Қазақстан. - 2004. - 11 қараша. - 16 б.
Ырысбайұлы Д. Қарағанды // Орталық Қазақстан. - 2008. - 20 желтоқсан. - 8 б.
Ырысбайұлы Д. Қарағанды менің қалам... // Қасым. - 2022. - № 2. - 21-38 б.
Ырысбайұлы Д. Мәдидің монологы // Балқантау. - 2006. - 23 надрез. - 1 б.
Ырысбайұлы Д. Ойымдағы отаным // Шет шұғыласы. - 2014. - 13 қараша (№ 45). - 7 б.
Ырысбайұлы Д. Ұлы - Адам сен үшін Ұлылық... // Орталық Қазақстан. - 2004. - 24 қаңтар. - 14 б.
Дәулет Ырысбайұлы туралы әдебиеттер:
Асан М. Қара Дәулет // Арқа ақшамы. - 2013. - 15 тамыз (№ 18). - 4 б.
Әбілда Қ. Көксерек-ғұмыр // Егемен Қазақстан. - 2021. - 3 наурыз (№43). - 11 б.
Дәулет Ырысбайұлы: некролог // Орталық Қазақстан. - 2006. - 16 наурыз. - 15 б.
Қабылдаұлы С. Жалындап өткен ғұмыр // Заман. - 2007. - 15 наурыз (№ 11). - 5 б.
Қалымбай Е. Желтоқсан - қазаққа киелі ай // Орталық Қазақстан. - 2005. - 16 желтоқсан. - 16 б.
«Қараша ғұмыр - қара өлең» // Взгляд на события. - 2014. - 19 желт. (№ 158). - 17 б.
Оймауытов Р. Дүниеден өтті бір ақын / Е.Серімов // Орталық Қазақстан. - 2006. - 15 сәуір. - 13 б.
Сағынтай С. Қара Дәулеттің Қарағандысы // Орталық Қазақстан. - 2012. - 26 шілде (№ 123/124). - 5 б.
Сармурзин Ж. Көксерек - ғұмыр / Әбілдинов Қ. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 27 ақпан. - 10 б.
Серімов Е. Қара Дәулет // Балқантау. - 2007. - 28 ақпан. - 11 б.
Шалқар Ж. Қара Дәулеттің қара өлеңі // Орталық Қазақстан. - 2021. - 14 қаңтар (№ 4).
Ысқақ Р. Қазақы қара өлеңнің Қарагері: еске алу // Азия транзит. - 2007. - № 1/2. - 62 б.
Дәулет әуені
Құрметті, оқырман қауым! Сіздердің назарларыңызға поэзия әлеміне өзіндік үлес қосқан ақын, сазгер, журналист Дәулет Ырысбайұлының лирикалары мен әндерін ұсынып отырмыз.
«Қарағанды вальсі»
Әні мен сөзі Дәулет Ырысбайұлынікі
«Сен деп соққан жүрегім»
Сөзі Дәулет Ырысбайұлынікі
Әні Ерслан Жақыпхановтікі
«Достарым»
Сөзі: Дәулет Ырысбайұлынікі
Әні: Ерслан Жақыпхановтікі
«Нұраның нұры»
Сөзі: Дәулет Ырысбайұлынікі
Әні: Ерслан Жақыпхановтікі
«Өзің...»
Сөзі: Дәулет Ырысбайұлынікі
Әні: Қалиасқар Шыныбектегінікі
«Жалын-Жаным»
Сөзі: Дәулет Ырысбайұлынікі
Әні: Сайраш Орақбаеванікі
«Туған жер»
Сөзі: Дәулет Ырысбайұлынікі
Әні: Қайрат Мұстафиндікі