top of page

Кітап көрмесі
«Тарихы тағылымды 90 жыл»

2024 жыл Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК-сы үшін керемет жыл - бізге 90 жыл толады.

Біздің тарихымызда екі анықтамалық дерек бар - 1934 жылы ескі қаладағы көмір клубында орналасқан қалалық кітапхананың ашылуы және 1938 жылдың 8 наурызда Некрасов көшесі, 4 үй мекенжайында орналасқан ғимаратта облыстық мәртебеге ие болған кітапхана ашылды.

90 жылдық кітапхана тарихында: кітапхана өміріндегі өткен жарқын сәттерді, оқиғалар мен фактілер, оның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан адамдар жайлы материалдар, фотосуреттер мен альбомдар жинақтады.

Қымбатты достар! Сіздерді, «Тарихи тағылымды 90 жыл» кітап экспозициясы бойынша саяхатқа шақырамыз.

01

Тарихы тағылымды 90 жыл

Құрметті оқырмандар! Биыл облысымыздың басты кітапханасы - Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 90 жыл. Сіздердің назарларыңызға «Тарихы тағылымды 90 жыл» атты кітап көрмесін ұсынамыз.

02

Бір сәт – мәңгі тарих

Сіздерге өлкетану әдебиеттері бөлімінің дайындаған 90 жылдық мерейтойымызға арналған «Бір сәт – мәңгі тарих» атты естелігі мол, эксклюзивті фотосуреттерді ұсынамыз.

03

Кәсіби басылымдар

Құрметті достар, сіздердің назарларыңызға кәсіби басылымдар көрмесіне шолу ұсынамыз. Кітапханамыздың 90 жылдық мерейтойына арналған көрмеде кітапханамызда қолданылатын әдістемелік және библиографиялық құралдар өнімдері ұсынылған.

04

Кітапхананың құрдастары

Сіздерге оқу залы бөлімі дайындаған 90 жылдық мерейтойымызға арналған «Кітапхананың құрдастары» атты көрмемізді ұсынамыз.

05

Жауһар жырдың тарландары

Құрметті оқырмандар! Сіздерге абонемент бөлімі дайындаған кітапханамыздың 90 жылдық мерйтойымызға арналған “Жауһар жырдың тарландары” атты көрмемізді ұсынамыз.

06

Біздің серіктестеріміз

Құрметті оқырман! Назарларыңызға, рухани ордамыздың 90 жылдық мерейтойына арналған "Біздің серіктестеріміз" атты кітап көрмесінен шолу.

07

90 жылға – 90 кітап

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға кітапхананың 90 жылдық мерейтойына арналған «90 жылға – 90 кітап» атты көрмесін ұсынамыз. Кітап көрмесінде кітапхананың құрылған жылы – 1934 жылынан бастап және онжылдықтар жарық көрген кітапхана қорындағы кітаптардың аз ғана бір бөлігі көрсетілген, сондай-ақ сирек және құнды кітаптар қорындағы кітаптар ұсынылды. Біздің кітапхананың электрондық каталогын сілтемесін пайдалана отырып, сіздер ұсынылған барлық кітаптарды көре аласыздар.

bottom of page